Абай облысында әскери қызметшілер 17 гектардан астам өртенген орман учаскесін тазартты

5478
Фотосурет: Gov

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығының өртенген орман учаскелерін тазартуға көмектесу туралы өтінішін аяқсыз қалдырмады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қолбасшылық Абай өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің 34 әскери қызметшісінен тұратын біріккен жасақ құрды.

– Күз айларында біз Каштак орманшылығы аумағына санитарлық тазалау жүргізіп, өртенген ағаш қалдықтарын жинадық. Енді оны тасымалдауға көмектесеміз, – деп нақтылады 54770 әскери бөлімі біріккен жасағының командирі подполковник Қанат Тәңірбергенов.

Техникалық жұмыстарға екі КрАЗ, УАЗ, КамАЗ және «Нива» көліктері бөлінді. Әскери қызметшілерді медициналық сүйемелдеу ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда біріккен жасақтың күшімен ауданы 17,5 га орман учаскесі тазартылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -