Алматыда ұландық сарбаздар есірткі ұстаған жас жігітті ұстады

5082
Фотосурет: Ұлттық ұлан

28 желтоқсан күні сағат 18.55 шамасында Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде есірткі жасырған адамды ұстады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери жасақ бастығы қатардағы Құлмұхамед Рахатұлы және патрульші қатардағы жауынгерлер Павел Лучкин мен Денис Зорин Алмалы ауданында қызмет атқару кезінде өзін күдікті ұстаған жас жігітті байқаған. Бұл туралы ұландықтар дереу әскери жасақ бойынша кезекшіге хабарлады. Әскери қызметшілер оны тұрғын үйлердің ауласындағы ағаштардың арасынан бір затты іздеп жатқанын байқады.

- Ол бізге күдікті болып көрінді. Сосын оған жақындадық. Бізді байқаған күдікті қашуға тырысты, бірақ біз оны ұстап алдық. Қалтасындағы заттарын шығарып жатқанда ақ целлофан пакетке оралған белгісіз зат түсті. Бірден полиция қызметкерлерін шақыртып, күдікті азаматты ұстап тұрдық, - деді ұландық Құлмұхамед Рахатұлы.

Әрі қарай күдікті оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -