Елордада Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бүгін Automechanika Astana 2025 ірі халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков құттықтау сөз сөйледі.
«Бүгін Астанада 20-дан астам елден 300-ден аса компания автомобиль өнеркәсібіндегі соңғы технологияларды, шешімдер мен идеяларды ұсыну үшін жиналды» Олжас Сапарбеков
Вице-министр «Ішкі құндылық: Тәуелсіздікке қадамдар» тақырыбындағы панельдік сессияда сөйлеген сөзінде Министрліктің уәкілетті орган ретінде Қазақстанда ішкі құндылықты, өндіріс пен өнеркәсіпті дамытуға мүдделі екенін және мұндай шаралар ынтымақтастықты ынталандыратынын атап өтті.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі жақсы нәтиже көрсетіп, басым салалардың бірі болып табылады. Соңғы 10 жылда осы өсімге, локализацияға және ел ішіндегі құндылықтың өсуіне әсер еткен бірқатар жүйелі шаралар қабылданған.
«Бүгінде еліміздің 6 өңірінде 8 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, оларда 7 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сондай-ақ биылғы жылы Алматы мен Қостанай қалаларында 5000-ға жуық жұмыс орнын ашатын екі өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда» Олжас Сапарбеков
Automechanika Astana Еуразиялық экономикалық одақтың және басқа да аймақтардың өндірушілеріне, дистрибьюторларына, сервистік компанияларына және сарапшыларына арналған алаң. Іс-шараға 22 елден, соның ішінде Германия, Италия және Жапониядан 350-ден астам компания қатысуда.
«Осындай деңгейдегі шаралар – саланың ғана емес, ел экономикасының дамуына да қажет. Әрбір салынған қаржы мультипликативті әсер береді. Automechanika — әлемдегі ең ірі көрмелік брендтердің бірі. Қазақстанның осындай маңызды алаңға айналуы – біз үшін үлкен мәртебе» ұйымдастырушы BMCA Қазақстан директоры Ануар Малик
Көрмеге «Brissoil» ЖШС, «LUKOIL Lubricants Central Asia», «RISMI group» және «Қайнар-АКБ» ТОО сияқты 54 қазақстандық компания қатысуда.
Іс-шараның негізгі бөлімдері автобөлшектер мен автокомпоненттер, электроника және коммуникация жүйелері, аксессуарлар мен баптау, диагностика және жөндеу, майлар мен автохимиялық өнімдер, автокөлік жуу және автокөлікті күту және т.б. қамтиды.
Көрмеде семинарлар мен дөңгелек үстелдер, озық технологиялар мен шешімдер бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ автомобиль өнеркәсібіндегі негізгі трендтерді талқылау болады.