203 алтын: армия спортшылары әлемдегі үздіктер қатарында

26191
Фотосурет: Gov

Осы жылы әскер спортшылары 463 медаль еншіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары әлемдік аренада жарқын жетістіктерін көрсетті. Барлығы олар 463 медаль олжалады. 203 алтын, 120 күміс және 140 қола.

Биылғы жылы ҚР ҚМ АОСК спортшылары бокс, дзюдо, күрес, атыс, гимнастика, заманауи бессайыс және басқа да спорттың 10 түрінен Қазақстанның атынан Париждегі Олимпиада ойындарына 21 лицензия жеңіп алды.

Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы алған жеті медальдың төртеуін армия спортшыларының еншісінде. Әлем чемпионаттарында 49 медаль, Азия чемпионаттарында 32 медаль, Қазақстан чемпионаттарында 245 медаль және халықаралық турнирлерде 133 медаль жеңіп алды.

Армия спортшылары халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен және ТМД шеңберінде 20-дан астам маңызды спорттық іс-шараларға қатысты. Олардың қатарында Қытайдағы 7-ші Азиялық CISM отырысы, дзюдо, күрес, тхеквондо және волейболдан CISM әлем чемпионаттары, сондай-ақ Ресейдегі CISM қорғаныс ведомстволарының білім беру ұйымдары арасында өткен турнир де бар. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов CISM халықаралық әскери-спорттық ұйымымен байланыстардың қайта жандануын оң бағалады және келесі жылы оны басқаруда Қазақстан Қарулы күштеріне бір орын берілетінін мәлімдеді.

ТМД аясында әскери спорт кешенінің көпсайысы, армиялық қоян-қолтық ұрыстан және атыстан чемпионаттар өтті.

Одан бөлек Астанада «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына» қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы ұйымдастырылды және Армия-генералы С.Қ. Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті.

 Жыл қорытындысы: әскери спортшыларға әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 150-ден астам спорттық атақтар мен разрядтар берілді

Халықаралық аренада Қарулы күштердің атынан ел намысын Қазақстанның еңбек сіңірген 12 спорт шебері, халықаралық дәрежедегі 77 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 70 спорт шебері және спорт шеберіне екі кандидат қорғап жүр.

Тек биылғы жылы жоғары көрсеткіштері үшін әскери-спорт түрлерінен 158 спорттық атақтар мен разрядтар берілді. Оның ішінде  Қазақстан Республикасының спорт шебері – 37 және  ҚР спорт шеберіне үміткер – 18.  ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы өткізген чемпионаттарда I разрядты – 42 әскери қызметші; II разрядты – 33 әскери қызметші және III разрядты – 28 әскери қызметші растады.

Спорттық жұмыстың қорытындысы бойынша есепті нәтижелері және спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірнеше құрылымдық бөлімшелері мен әскери қызметшілері марапатталды. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спартакиадасында және Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдер орталығында бірінші орын алып, құрылымдық бөлімшелер арасында үздік атанды. Аға сержант Әсілбек Өмірзақұлы Қарабай ҚР ҚК ерлер арасында үздік спортшы, ал сержант Аяжан Болатқызы Әміржанова әйелдер арасында үздік спортшы атанды.

Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде АОСК әскери-спорт колледжі ашылады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі дене шынықтыру және спорт саласындағы жүйелі өзгерістерді енгізуді жалғастырады, әскери қызметшілердің балаларына спорттық дағдыларды дамытуға мүмкіндік бере отырып, оларға арналған жаттығулар да өткізеді.

2024 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебін АОСК әскери-спорт колледжі ретінде қайта бағдарлау, сондай-ақ Құрлық әскерлерінің әскери институтында дене шынықтыру және спорт курстарын қайта бастау жоспары әзірленіп, іске асырылмақ. Әскери колледжге түсу кезінде әскери қызметшілердің балаларына, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға және ауылдық жерлерден келген балаларға арналған басымдықтар ескерілетін болады.

Ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағдарламасы аясында 2025 жылы Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен тұңғыш рет әлем чемпионаты өтеді.

Бұдан бөлек, сегіз гарнизонның спорт кешендерінде және үш оқу-жаттығу орталығында дзюдо, қазақ күресі, самбо, бокс, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да спорт түрлерінен жеті мыңнан астам әскери қызметшінің балалары тегін жаттығатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -