Шатырдан палатаға: әскери-патриоттық клубтың жаңа жылдық сиқыры

24101
Фотосурет: Gov

Аяз Ата сыйлықтармен шатырдан түсіп, терезеден кірді

«Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері 2-ші балалар клиникалық ауруханасында жатқан балаларды ерекше құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жас альпинистер балаларды креативті тәсілмен қуантты. Аяз ата болып киінген клуб тәрбиеленушісі шатырдан түсіп, палатаның терезесінен кірді, мұндай тәсіл балаларды таң қалдырды. 

Осылайша, емдеу мекемесінің қабырғасында Жаңа жылды қарсы алатын балаларды құттықтау идеясы 2017 жылы басталған болатын. Содан бері алғашы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бақытжан Перімбетовтың басшылығымен және Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен жас альпинистер мұны жыл сайын жасап келеді. 

Бұл жолы қысқы ғажайыпты жасаған 110 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Пархат Зиинкал болды. Алматы тауының талай шыңдарын бағындырып жүрген Пархат пен оның взводының альпинизммен айналысқанына бірінші жыл.

Аяз Атаның терезеден кіруі балалар мен ересектердің көңілінен шықты. Әскери-патриоттық клубтың мүшелері балаларға сыйлықтарын таратты, олар да өз кезегінде өлеңдерін, әндерін айтып берді.

Мерекені ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған балалар клуб тәрбиеленушілерінің арқасында Жаңа жыл ғажайыбын тамаша көңіл-күймен сезінді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -