Қазақстандағы білім сапасын бағалау әлемдік стандарттарға сәйкес деп танылды

4917
Фотосурет: Gov

Білім алушылардың білім сапасын бағалаудың қазақстандық құралы халықаралық аккредитациядан өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қазақстанның білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу құралы (ББЖМ) халықаралық аккредитациядан өтті Деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі

Қазақстанның ұлттық бағалау жүйесі Орталық Азия аймағындағы бағалау бойынша бірлескен жобалардың негізі немесе бір бөлігі бола алады.

ББЖМ мақсаты – білім алушылардың білім сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес бағалау. Ол сауаттылықтың үш бағыты бойынша бағалау жүргізеді: оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. ББЖМ оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, сондай-ақ білім сапасын одан әрі жақсарту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

«Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығымен (Research Centre for Examination and Certification, RCEC, Нидерланды) екі жылдық ынтымақтастық барысында ББЖМ аккредиттеуінің жеті кезеңі іске асырылды. Бұл кезеңдерге бағалау шеңберін әзірлеу, тест сұрақтарын құру, тестілеуді әзірлеу, тест тапсырмаларын іріктеу, цифрлық платформада тестілеуді басқару, нәтижелерді талдау және бағалау жүйесін құру кіреді. Оның аккредитациядан сәтті өтуі сапа мен сенімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін растайды, сондай-ақ оның нәтижелері объективті, әділ және дәлелді болып табылады», – деп атап өтті Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.

ББЖМ-дың барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық зерттеулерде қолданылатын ғылыми негізделген тәсілдерге толық сәйкес келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -