Апатсыз қысқы демалыс: қарапайым ұсыныстар

4653
Фотосурет: freepik

Ақмола облысының прокуратурасы ата-аналарға қыс мезгілінде көшеде балалардың жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, балалардың жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі, үйде жалғыз қалған баланың іс-әрекеті, сондай-ақ су айдындарының мұзында болу ережелерін қатаң сақтауын ескертеміз.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында прокуратура пиротехникамен жұмыс істеу кезінде ерекше назар аударуға шақырады, өйткені бұл қауіптің жоғары көзі болып табылады.

Балаларға пиротехникалық бұйымдарды өз бетінше пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Ата-аналардың кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың міндеттерін орындамағаны үшін 20 АЕК дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделгенін еске саламыз.

Қарапайым ережелер мен нұсқауларға сүйене отырып, сіз қысқы демалысты жақсы өткізуге мүмкіндік беру арқылы баланың өмірі мен денсаулығын сақтай аласыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -