Милана Сафронова сарбаздарға қиындықты қалай жеңуге болатынын айтып берді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бокстан әлем чемпионатының жүлдегері және бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Милана Сафронова Қарағанды гарниозонындағы 44803 әскери бөлімінің зымыран дивизионында болды.
Спортшы сарбаздардың қызмет ету ережелерімен және тұрмысымен танысты. Әңгіме барысында Милана спортта да, әскери қызметте де сәттілік тәртіптің, еңбекқорлық пен шыдамдылықтың арқасында келетінін атап өтті.
"Қиындықтар кедергі емес, керісінше берілген мүмкіндіктер. Ең бастысы – одан қорықпау, ерік-жігеріңе сеніп, алға жылжу керек" Милана Сафронова
Танымал спортшы өзін әдеттегі тәжірибеден басқа жағдайда сынап көрді. Сарбаздармен бірге ол Калашников автоматы мен Макаров тапаншасын шашып, жинап көрді. Бұл ол үшін жаңа тәжірибе болғанмен, әскери қызметшілер қыздың табандылығы мен жіті назар салуына таң қалды.
Келесі сынақ түрі кросс жүгіру болды. Мұндай жағдайға үйреніп қалған спортшы дене дайындығының жақсы екенін көрсетті, қашықтықты толық жабдықпен, яғни оқ өтпейтін кеудеше және дулығамен еңсерді.
Қарқынды жаттығулардан кейін Милан Сафронова сарбаздар асханасында түскі ас ішті.
"Өзімді жаңа жағдайда сынап көргеннен кейін құнды және ұмытылмас тәжірибе алдым. Мен бұл күнді сарбаздармен өткізгеніме қуандым. Олар – нағыз ерлер. Бұл ісіміз пайдалы болды деп сенемін" Милана Сафронова
Спортшы мұндай кездесулер екі жаққа да арналғанын атап өтті. Оған қоса әскери ұжымның бірлігі мен сарбаздардың моральдық ахуалын нығайту үшін қажет.