Қазақстан көлік министрлігі Ақтау маңында апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағының қара жәшіктеріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алдағы күндері Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттық өздігінен жазғыштардан (қара жәшіктерден) алынған материалдармен келуі күтілуде.
Келген соң сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі.