Қазақстанда Еңбек нарығының қажеттіліктері мен халықаралық талаптарды ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде

4070
Фотосурет: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы бастамасы шеңберінде және Үкімет бекіткен жоспарға орай, Қарағанды облысы жұмысшы мамандықтарын белсенді дамытуда. Жаңа өндірістердің ашылуымен қосымша 17 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Оның айтуынша, жұмысшы кадрларды даярлау реформасы басталды. Жұмысқа өңірдің ірі кәсіпорындары тартылған. 52 колледж 128 мамандық бойынша кадрлар даярлайды, өткен жылдан бастап оқу орындарын сегіз жетекші бағыт бойынша кластерлеу іске қосылды. Әрқайсысы бойынша тірек колледждер бекітілді, олардың негізінде 2 заманауи құзіреттілік орталығы мен 10 шеберхана ашылады.

Реформаның маңызды бөлігі дуалды оқытуды енгізу болып саналады, Qarmet, Kazakhmys, QazTehna, KamaTyresKZ, Silk Road Electronics сияқты 300 ірі кәсіпорынмен белсенді ынтымақтастық жүргізілуде. Олар түлектердің барынша жұмыспен қамтылуына кепілдік бере отырып, қажетті мамандарды даярлауға тікелей қатысады.

Келесі бағыт – өңірдегі еңбек нарығының өзгеруіне байланысты қажетті мамандықтарды ашу. Мәселен, өткен жылы Саран қаласының колледжінде резеңке-техникалық және шина өндірісі бойынша мамандықтар ашылды. Осы жылдың күзінде «Полимер өндірісі», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Газбен жабдықтау», «Гидротехникалық құрылыс» және «Гидротехникалық мелиорация» мамандықтарына студенттер қабылданады.

«Болашақта колледжге түсушілер көп болады деп күтеміз. Сондықтан біз гранттар санын 20%-ға арттырдық. Өткен жылы 8,5 мыңға жуық түлек колледждерді бітірді, биыл біз жұмысшы мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты 1,1 мың орынға ұлғайттық» Ермағанбет Бөлекпаев

Айта кету керек, өңірде мүгедектігі бар адамдарды колледждер базасындағы арнайы ресурстық оқу орталықтарында жаңа кәсіптерге оқытатын болады. Әр түрлі себептермен профильді өзгертуге шешім қабылдаған ересектерге жаңа мамандық алуға жағдай жасалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -