Жосықсыз жеткізушілер Мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуден айырылды

2838
Фотосурет: freepik

Шымкентте қадағалау актісімен жосықсыз қатысушылар тізілімге енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шымкент қаласының прокуратурасы сотпен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушілерді Тізілімге енгізбеу фактілерін анықтады.

Бұл бұзушылық жосықсыз өнім берушілерге конкурстарға кедергісіз қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мүмкіндік берді.

Қадағалау актісі бойынша Тізілімге 25 жосықсыз өнім беруші енгізіліп, 23 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -