Табиғатқа зиян келтірмейтін мереке: заңсыз ағаш кесуге қарсы күрес

2002
Фотосурет: freepik

Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды

Қылқан жапырақты жас ағаштардың заңсыз кесілуінің, тасымалдануының және сатылуының жолын кесу мақсатында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында 711 жұмылдыру тобы құрылды. Жалпы 2450 рейдтік іс-шара өткізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ағаштарды заңсыз кесудің 8 фактісі; белгіленбеген жерлерде сатудың 574 фактісі; жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзудың 429 фактісі. 4,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Одан бөлек, 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Шұғыла Тұрлыбек

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -