Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» республикалық акцияның қорытынды ұтыс ойыны өткізілгенін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Науқан 2024 жылдың 4–ші қыркүйегі мен 31–ші желтоқсаны аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және «Amian» түбіртектерді сақтау сервисінің қолдауымен өткізілгенін еске саламыз.
«Amian» қосымшасына онлайн БКМ 1,2 млн–нан астам түбіртек жіберілді. Қатысушылар арасында смартфондар мен бағалы сыйлықтар ойнатылды.
Науқанның бас жүлдесі – «iPhone 15 Pro» смартфонын Маңғыстау облысының тұрғыны Рамахан Шаңытбай жеңіп алды.
Науқан азаматтарға кәсіпкерлік субъектілерінің салық заңнамасын сақтауы бойынша қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға және бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік берді.
Барлық өңірлердің науқанға ауқымды қатысуы, тұтынушылар арасында салық және қаржы мәдениетінің өсуіне, сондай–ақ кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығуға ынталандыруға түрткі болды.
Бұл акцияны өткізу ең алдымен азаматтық белсенділікті арттыруға, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай–ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға бағытталған.