Борттағы агрессия: Астана әуежайында деструктивті жолаушы ұсталды

6402
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 13 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Астана – Өскемен бағыты бойынша рейсін ұшуға дайындауы барысында жолаушы бортсерікті жолаушыларды санау кезінде өтіп бара жатқан сәтте кенеттен ішінен ұрып жіберді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл ретте, бұған дейінгі отырғызу кезінде жолаушы тарапынан қандай да бір деструктивті мінез-құлқы байқалмағанын атап өтеміз.  

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен компанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары шақырылды. Құжаттарды тексеру барысында деструктивті жолаушы бомба бар екенін де мәлімдеді. Осыдан кейін әуежайдың кинологиялық қызметі шақырылып, барлық жолаушылар ұшақтан шығарылды. Сондай-ақ, бортсеріктің жағдайын тексеруден өткізу үшін әуежайдың медициналық қызметі шақырылды.  

Әуе кемесіне жедел түрде мұқият тексеріс жүргізілді, нәтижесінде жарылғыш немесе басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.  

Әуекомпания борттағы құқық бұзушыларға қатысты төзімділік танытпау саясатын ұстана отырып, деструктивті жолаушыға қатысты қатаң шаралар қабылдайды. Бортта деструктивті мінез-құлық көрсетуге және ережелерді бұзуға мүлдем жол берілмейтінін және бұл заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз.  

Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, бұзақылық және терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -