Forbes Italia: Қазақстан-ашық кеңістікті білушілер үшін трендті бағыт

3234
Фотосурет: qazaqgeography.kz

Forbes Italia туризмнің 2025 жылғы негізгі тенденцияларын белгілеп, Қазақстанды 2025 жылғы трендтік бағыттар тізіміне қосты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Халықаралық басылым біздің елімізге ашық кеңістіктер мен баяу туризмді (slow travel) бағалайтын саяхатшылардың қызығушылығы артқанын жазады.

Мақалада 2023 жылдың маусым айында Қазақстан мен Миландағы Мальпенса әуежайы арасында тікелей маршрут құрылғаны көрсетілген. Бұл елдер арасында туристік ағындардың дамуына және логистиканың жақсаруына септеседі. Мақала авторлары жергілікті асхананың алуан түрлілігін де атап өтеді.

Дүниежүзілік туристік ұйымының болжамына сәйкес 2025 жылы әлемдік саяхаттар 9,7%  артады. Forbes Italia саяхаттаушылар тұрақты және аутентикалық әсер алуға ұмтылып, саналы және регенеративті туризмді дамытатынына назар аударады. Олар танымал туристік орындардың шектен тыс толуына байланысты танымалдығы аз, бірақ тартымды бағыттарды таңдайды.

2025 жылдың негізгі үрлістері ретінде астротуризм, микросаяхат, жоспарланбаған саяхат, регенеративті және тұрақты туризм, иммерсивті технологиялар қолданылатын виртуалды саяхат көрсетілген.

Атап өткен жөн, бұған дейін беделді британдық «Lonely Planet» басылымы Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға арналған ең үздік бағыттардың бірі ретінде атаса, CNN Travel Алматыны биылғы тартымды орындардың тізіміне қосты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -