Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайындалуда

2002
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін әкімдіктер мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді.

Өңірлерде республикалық және өңірлік кешенді жоспарлар іске асырылуда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендердің тізбесі түзетілді. Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инфрақұрылымды нығайтуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталған жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Негізгі іс-шаралар қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, сондай-ақ су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу болып табылады.

Алматы облысында 2024 жылдың қараша айынан бастап су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Арық жүйесінің 77 км салу және жөндеу, сондай-ақ 79 км су бұру каналдарын механикалық тазарту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 12 км су тасқыны қаупі бар өзендердің арналары нығайтылып, түзетілді. Автомобиль жолдарының астындағы 270 су өткізгіш құбыр және теміржол жолдарының астындағы 832 су өткізгіш тазартылды. Өзен арналарынан ұзындығы 2,3 км учаскеден 16 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы ұзындығы 7,9 км болатын 5 қорғаныс бөгеті тұрғызылды және 2 автожол көпірі салынды. Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу үшін 42 гидробекет орнатылды. Сонымен қатар ықтимал қауіпті учаскелерде аэровизуалды және жерүсті тексерулер тұрақты жүргізіледі. Дайындыққа төтенше жағдайлардың салдарын жою және эвакуациялау үшін техниканы қоса алғанда, ТЖД күштері мен құралдары тартылған. ТЖ аймақтарында жұмыс істеу үшін азық-түлік, дәрі-дәрмек және отын қорлары құрылуда. Сонымен қатар өзен жағалауларын нығайту және жаңа бөгеттер салу жоспарлануда. 12 су қоймасында құлақтандыру жүйесі орнатылған.

Астанада Байқоңыр ауданының тұрғын алаптарында 210 погонды метр арық-науа жүйесі қар мен мұздан тазартылды. Қыстың басынан бастап коммуналдық қызметтер 500 мыңнан астам текше метр қар шығарды. Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері мониторинг жүргізеді.

Атырау облысында Жылыой ауданындағы Жем және Құрсай өзендерінде бөгенді нығайту жұмыстары жалғасуда. ТЖ бөлімі мен прокуратура қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарымен танысып, орындалған жұмыстарды тексерді.

Көкшетауда 2-МӨС базасында гарнизонның жеке құрамы мен техникасына байқау өткізілді, олар су тасқыны кезеңінде жұмылдырылатын болады. Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Алашов ТЖ-ны жою үшін күштердің дайындығын тексерді. Көкшетаулық құтқарушылар КАМАЗ автокөлігіне орнатылған ЖСС-500 қоса алғанда, екі жылжымалы сорғы станциясымен жабдықталған. Бұл станция секундына 500 литрге дейін су сорады, ол су тасқынын, ірі өрттерді сөндіру және су объектілерін құрғату мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімінің қатысуымен су тасқыны кезеңінде іске қосылатын күштер мен құралдардың дайындығына тексеру жүргізілді. Тексеруге облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары қатысты.

Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралар жалғасуда және тұрақты бақылауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -