Түркістан облысындағы мәдениет және руханият объектілерінің жұмысы

2134
Фотосурет: Gov

Спорт, мәдениет, дін істері және жастар саясаты салаларының жай-күйімен танысу үшін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Төлеби ауданына іссапармен арнайы барды. Онда қоғам, мәдениет, дін саласының өкілдерімен кездесіп, осы саладағы түйіткілдер бойынша ұсыныстарына құлақ асып, туындаған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды DKnews.kz.  

Бірінші кезекте облыс әкімінің орынбасары тиісті басқармалардың мамандарымен бірге Төлеби ауданының музейіне табан тіреді. Ондағы жәдігерлермен танысты. Музейде тарихи-медени құндылықтарды есепке алу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, экскурсия, экспозиция және көрме ұйымдастыру бойынша жұмыс атқарылуда. Жалпы 3 518 экспонат бар.

Нысанды аралау барысында музей қызметкерлері мұражайдағы түйіткілді мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт бағыты бойынша Леңгір қаласында шахмат, көркем гимнастика және ұлттық билер үйірмесі ашылып, балаларды баулуда. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен ашылған ЖК «Садыкова» үйірмесінің жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев балалардың шахмат, гимнастика үйірмесіне қатысып жүргені құптарлық жайт екенін айтып, баланың ойлау жүйесін жан-жақты дамытып, математикалық ойлау қабілетін дамытып, зеректігін арттыратынын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, дін өкілдерімен кездесуде аудан аумағындағы рухани жұмыстар жөнінде пікір алмасып, ел тұтастығын сақтау мен өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -