ЭЫДҰ Қазақстанның экономиканыераықтандырудағы ілгерілеуін атап өтті

2189
Фотосурет: primeminister.kz

ЭЫДҰ өкілі Антонио Капобьянко және БҚДА-мен кездесу Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындау бойынша ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы миссиясы аясында өтті, деп хабарлайды DKnews.kz. 

Кездесуде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, бүгінде Бірінші шолу шеңберінде берілген ЭЫДҰ ұсынымдары 80%-ға орындалды. 

«Мемлекет басшысы алдымызға Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ жоғары стандарттарына сәйкестендіру мақсатын қойды және біз ұсыныстардың басым бөлігін іске асырдық. Бүгін сіздерді қызықтыратын мәселелерді Екінші шолу аясында талқылауға дайынбыз» Серік Жұманғарин

Тараптар Қазақстанның бәсекелестікті дамыту және Қазақстан экономикасын ырықтандыру саласындағы жуырдағы бастамаларын талқылады. Атап айтқанда, БҚДА жанынан Ұлттық жекешелендіру кеңсенің құрылуын әрі оның кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жоспарларын оң атап өтті. ЭЫДҰ өкілдері Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы мен саясатының екінші шолуын дайындауға материал жинау үшін басқа да мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -