Қазақстан Лондонда өткен жаһандық көрмеде жасанды интеллект әзірлемелерін таныстырды

3234
Фотосурет: Nazarbayev University

Лондонда өткен әлемдік жетекші EdTech көрмесінде Nazarbayev University (NU) Soyle App, қазақ тілінің үлкен тілдік моделі ISSAI KAZ-LLM және Artisan Education стартапын таныстырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

1985 жылы негізі қаланған  Британдық білім беру технологиялары және оқу көрме (BETT Show)  600-ден астам инновациялық экспонаттарды, ойландыратын пікірталастарды және EdTech сарапшылары жетекшілік ететін семинарларды қамтитын білім беру технологиясының жаһандық орталығына айналды. 2025 жылдың 22-24 қаңтары аралығында Лондонда өтіп жатқан биылғы BETT Show көрмесі 130 елден 30 000-нан астам педагогтарды, саясаткерлерді және EdTech энтузиастарын біріктірді.

Көрмеде Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының аға деректер талдаушысы Жанат Махатаева Soyle App және ISSAI KAZ-LLM  әзірмелерін таныстырды. Елдің көптілділігі мен мәдени сан алуандығын ескере отырып бейімделген ISSAI KAZ-LLM моделі қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне арналып жасалған, сондай-ақ түрік тілін қосымша қолдайды. Бұл тілдік алшақтықтарды жоюға және шектеулі ресурстарға ие тілдердегі генеративті жасанды интеллекттің дамуына мүмкіндік береді.

Soyle App көпфункциялы қолданба сөзді тану, дауыс синтезі және ауызша сөз бен мәтінді төрт тілге (қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше) аудару мүмкіндіктерін ұсынады. Қазақстанның іргелі сөз моделіне сүйене отырып жасалған Soyle App қолданбасы — Қазақстан мен одан тыс жерлерде көптілді қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған жасанды интеллектінің озық өнімі болып табылады. Қолданбаның негізгі функциялары: cөзді тану, дауыс синтезі және аударма, түсінікті интерфейс және қолжетімділік.

Модельдің берік жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ISSAI командасы 150 миллиардтан астам токенді (яғни, сөздер немесе сөз бөлшектерін) жинады, өңдеді, синтездеді және аударды. ISSAI KAZ-LLM оқыту деңгейі өте жоғары және жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшылармен қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нәтижелер бойынша бәсекелеседі. GPT чатының қазақша нұсқасын әзірлеуге негіз болатын KAZ-LLM барлық жерде – қазақ тіліндегі аудармалар мен мазмұнды генерациялаудан бастап үлкен мәтіндерді өңдеуге дейін пайдалануға болады.

Soyle App қолданбасының аударма сапасы FLoRes деректер жиынындағы BLEU көрсеткіштері арқылы өлшеніп, Google Translate, Yandex Translate және GPT-4o-дің аударма нәтижелерінен асып түседі. Бұл қолданбаның қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдеріндегі аудармасының жоғары дәлдігін көрсетеді.

Көрмеде сонымен қатар робототехника мен бағдарламалауды өз бетінше үйренуге арналған Artisan Education платформасы ұсынылған. Бағдарламалау және электротехника бойынша базалық білім алғаннан кейін мектеп оқушылары стартаптың өзі әзірлеген Raspberry Pi Pico W микроконтроллері негізіндегі жылдам прототиптеу тақтасының арқасында IoT және AI жобалары бойынша дағдыларын біртіндеп тереңдетеді.

2023 жылы құрылған стартап командасы 13 адамнан тұрады, оның ішінде сегізі NU студенті. Стартап университеттің NURIS инновациялық кластерінде негізделген бизнес-инкубация және акселерация бағдарламаларының қатысушысы болған. Инноваторлар қазірдің өзінде Қазақстанның 90-нен астам орта мектептерімен ынтымақтастық құрып, халықаралық нарықтарға, соның ішінде Әзірбайжан және Ұлыбританияға сәтті шығуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -