Қазақстанда көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау күшейтілді

2816
Фотосурет: ҚР МҚІА

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру бойынша шаралар да қабылданады.

Заңға енгізілген өзгерісті іске асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілетін «Е-лицензиялау» жүйесінде көрсетілетін қызметті берушілер үшін азаматтардың бұзылған құқықтарын қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін модульді іске асырды.

Мәселен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тұрғын үй құрылысын жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын ұсынудан негізсіз бас тартудың 8 фактісін анықтады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Департамент мемлекеттік органға көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде өтініш иелеріне мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінбей-ақ сәулет-жоспарлау тапсырмалары ұсынылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -