Жасанды интеллект білім беруді толықтырады: ЮНЕСКО-ның жаңа көзқарасы

2079
Фотосурет: freepik

Бүгін Халықаралық білім күні атап өтіледі

БҰҰ Бас Ассамблеясы 24 қаңтарды Халықаралық білім күні деп жариялады. Бұған себеп – осы күннің татулық пен дамуға қол жеткізу барысындағы рөлін мойындау, деп хабарлайды DKnews.kz.

Биыл ЮНЕСКО бұл күнді жасанды интеллектке арнап отыр. Өйткені, ЖИ технологиялары оқытудың адами және әлеуметтік аспектілерін алмастырмай, толықтыруы керек.

Қазақстан да ЖИ дамытуға ерекше назар аударуда. Білім беру саласында экономиканың негізгі салаларына ЖИ енгізу үшін мамандар даярлауға бағытталған Al-Sana инновациялық бағдарламасы бар. AlemAI озық технологиялар орталығы ЖИ-мен байланысты бастамаларды, оның ішінде мектептерге, университеттерге және кәсіптік оқыту орталықтарына арналған білім беру бағдарламаларын іске асыру хабына айналмақ. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -