Қазақстандық кәсіпкерлерге отандық тауар өндіруші мәртебесін растау тәртібі түсіндірілді

8833
Фотосурет: Gov

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларының жаңа жобасын түсіндіру үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Онлайн кеңес 25 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовпен бірлесіп «QazIndustry» ҚИЭО базасында ұйымдастырды.

Іс-шараға 500-ге жуық бизнес пен қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге жобаның негізгі аспектілері, оның ішінде отандық тауар өндіруші мәртебесін растау тетігі жан-жақты түсіндірілді.

Құжат жобасы отандық бизнесті қолдау мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды қадамы болып табылатын қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаудың нақты тәртібін айқындауға арналғанын еске саламыз.

Министрлік егжей-тегжейлі талқылау және бизнес өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалармен әрі қарай жұмыс істеу үшін бірқатар қосымша кездесулер өткізілетінін хабарлайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -