Әскери отбасы қызметінің мамандары алғыс хаттармен марапатталды

3630
Фотосурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Абай гарнизонында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің құрылған күні аталып өтілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Атаулы күнге орай «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев сала мамандарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

2017 жылдың 26 қаңтарында Қорғаныс министірінің бұйрығымен құрылған бұл қызмет түрі әскери қызметшілердің отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, рухани-адамгершілік және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жұмыс жүргізеді.

Шарада «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Ақмарал Ахметжанова нәзік жандылар қызмет атқаратын сала қызметкерлеріне гүл шоқтарымен мақтау қағаздарын табыс етті. Жиын соңында құттықтау сөз сөйлеп, алдағы атқаратын қызметтеріне табыстар тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -