Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығында маңызды қадам жасалды, яғни төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған автокөлікпен толықты, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бұл жаңашылдық ТЖМ медицина мамандары жұмысының жеделдігі мен тиімділігін едәуір арттыратын, сондай-ақ ең қиын жағдайларда зардап шеккендерге жылдам және сапалы қол жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі фактор болады.
Жаңа көлік құралының кілттерін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов тапсырды. Ведомство басшысы жеке құрамға бұл бастаманың ауылдық жерлердегі қызметтің жұмысын жақсарту үшін маңызды екенін атап өтті.
«Министрлік Президенттің қолдауымен біздің ведомствоның медициналық қызметін, әсіресе ауылдық жерлерде оны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Шалғайдағы елді мекендерде көмекке қол жетімділігі шектеулі болған жағдайда, біз инфрақұрылымды жаңғыртып қана қоймай, бөлімшелерімізді ең заманауи құралдармен жабдықтауға тырысамыз. Көлік қиын маршруттарда да жүре алады. Бұл жай ғана көлік құралы емес, бұл біздің жұмысымыздың маңызды бөлігінің бірі. Зардап шеккен азаматтар үшін тез арада және ең қиын жағдайларда жедел әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз етеді» Генерал-майор Шыңғыс Әрінов
Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығына келіп түскен жаңа автокөлік төтенше жағдайлар кезінде, әсіресе шалғай және қол жеткізу қиын аудандарда жұмыс істеу үшін аса маңызды жол талғамайтын қасиеттерімен ерекшеленеді.
Көлік озық медициналық құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар күрделі төтенше жағдайлар кезінде жедел және сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Аталмыш көлік Ақмола облысының Макинск қаласында пайдаланылатын болады. Онда жақында жаңа әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды және мұндай көліктер сұранысқа ие.
«Бұған дейін жол-көлік оқиғалары орын алған республикалық автожолдарға барған біздің мамандар дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті ғана көрсете алатын. Егер зардап шеккендер көлікте қысылып қалса, біз арнайы жабдық келгенше күтетінбіз. Енді гидравликалық құралдармен жабдықталған жаңа автокөліктің арқасында біз алғашқы көмек көрсетіп қана қоймай, құтқару жұмыстарын жүргізе аламыз» Сәкен Әріпбаев ҚР ТЖМ АМО ММ директоры түсіндірді
Бұл тек жаңа көлік сатып алу ғана емес, бұл – Қазақстан ТЖМ жұмысын жандандырудағы маңызды кезең. Сондай-ақ кез келген жағдайда қызметтің шұғыл әрекет етуге дайындығын арттыру мен жаңғыртудың стратегиялық бағдарламасының бөлігі болып табылады. Жаңа көлік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шұғыл көмек көрсетуде іс-қимылдарды үйлестіруді, жеделдік пен тиімділікті айтарлықтай жақсартады.