Музыкалық жас көрермен театрының актерлері «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

7282
Фотосурет: Аstana akimdigi

Астанада танымал актерлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Елордадағы Музыкалық жас көрермен театрының актерлері «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіріп, өнер ордасының айналасын қардан тазартты, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана қаласы әкімдігі Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдай отырып, әріптестерімізбен бірге театрымыздың алдын қардан тазарттық. Осылайша көрермендерімізді ыстық ықыласпен, көтеріңкі көңіл күймен қарсы аламыз», - деді Музыкалық жас көрермен театры басшысының орынбасары Алмаз Шоман.

Экологиялық акцияға Аян Төлепберген, Оразалы Игілік, Нұржас Садырбаев, Еламан Иманбаев және театрдың басқа да актерлері қатысып, мәдени нысанның айналасын қалыпқа келтірді.

«Бірнеше сағаттан кейін Музыкалық жас көрермен театрының көрермендері бізге қарай ағылады. Мынау қар олардың спектакльден керемет әсер алып шығуына кедергі жасайды деген оймен және әріптестерімізбен бірге «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында айналаны қардан тазартып жатырмыз. Акцияны қолдаңыздар, қарды тазалап тастаңыздар», - деді театр актері Аян Төлепберген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -