Орал қаласындағы «Зенит» зауытында жасалған «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесі Қазақстанның Әскери-теңіз күштеріне 2015 жылы пайдалануға берілген болатын, деп хабарлайды DKnews.kz.
Заманауи қару-жарақ және навигация жүйесімен жарақтандырылуы Әскери-теңіз күштері флагмандарының біріне Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясын қорғау жөніндегі міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.
«Сарыарқа» кемесінің технологиялық мүмкіндіктері және жеке құрамды даярлаудың жоғары деңгейі абыройлы қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Кеме экипажы Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де өткізілген оқу-жаттығуларға қатысып, халықаралық Армия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері болды Деп еске салды «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі 3 дәрежелі капитан Дамир Матаев
Кеме бортында Әскери-теңіз күштерінің дамуына елеулі үлес қосқан жүздеген әскери қызметшілер даярлықтан өтті. «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кемесін жасау елдің қорғаныс қабілетін нығайту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігіне айналды.
Кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі және әскери теңізшілердің жанқиярлық қызметі әскери командаға дивизион құрамындағы ең жақсы әртекті кемелердің бірі мәртебесін берді.