Жасанды интеллект және венчурлік инвестициялар: Қазақстан Digital Almaty 2025 орталығында

4092
Фотосурет: Gov

2025 жылдың 31 қаңтарында Digital Almaty 2025 форумы алаңында Dealroom.co негізін қалаушы әрі бас директоры Йорам Вийнгаарде (Yoram Wijngaarde) стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдайтын әлемдік жетекші платформада Қазақстан экожүйесін алғаш рет таныстырады, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Стартап-инвестициялардың жаһандық экожүйелері: Трендтер, инсайттар және жаңа мүмкіндіктер» сессиясы барысында Йорам Вийнгаарде әлемдік IT-экожүйелердің аналитикалық шолуын паш етіп, Қазақстанның негізгі жетістіктеріне назар аударады. Сондай-ақ 2 миллионнан астам стартап, инвестор мен корпорация туралы деректерді біріктіретін Dealroom.co платформасының мүмкіндіктерін толық көрсетеді. Платформа инвестициялық перспективаларды бағалау, экожүйелерді талдау және олардың өсуін болжау үшін озық құралдарды ұсынады.

Dealroom.co – жай ғана платформа емес, инвесторлар, стартаптар мен корпорациялардың қозғаушы күші. 2013 жылы Амстердамда негізі қаланғаннан бері компания инновациялар әлемінде дерек пен талдаудың беделді көзі ретінде танылды. Қазақстандық IT-экожүйенің Dealroom.co платформасына енуі халықаралық инвестициялар мен жаңа серіктестіктерге жол ашып, Қазақстанда жасалған технологияларға жаһан назарын аударады.

Digital Almaty 2025 форумы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде өтіп, жасанды интеллект пен оның жаңа индустриялық дәуірдегі рөлі талқыланатын алаңға айналады. «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты форумның стратегиялық маңызы аса жоғары. Қатысушылар жасанды интеллекттің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.

Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Astana Hub («Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры) ұйымдастырады.

Digital Almaty 2025-ке қосылып, тарихи оқиғаның куәсі болыңыз! 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -