Қазақстан-Германия бірлескен жобасы фермерлердің біліктілігін арттыруда

1738
Фотосурет: Gov

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру» (KFM) қазақстан-герман жобасының жетекшісі Уве Веддиге мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда 2019 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келе жатқан жобаны талқылады. Бастапқыда пилоттық жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 14 шаруашылық қатысты. 2023 жылдан бастап жоба аясында Алматы облысының Арқабай ауылында «Байсерке-Агро» оқу және ғылыми-өндірістік орталығы (ОҒӨО) базасында шаруашылықтарға кеңес беру, сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызметтер орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілді.

Жоба аясында шикізат өндірісінің барлық кезеңдеріне, әсіресе нарыққа бағытталған отбасылық фермаларға арналған кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Уве Веддиге сүт-тауарлы фермаларға, соның ішінде отбасылық және өнеркәсіптік үлгідегі фермаларға арналған практикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.

«Малға күтім жасау, оны күтіп-бағу және азықтандыру, жем-шөп дайындау және сақтау бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру – мал өнімділігін арттыру және сүт өңдеу кәсіпорындарының талаптарына сай сапалы сүт өндіру үшін маңызды. Бұл, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату және  «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар үшін өзекті» Аманғали Бердалин

2024 жылы «Байсерке-Агро» ОҒӨО және KFM жобасы халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен 27 практикалық семинарлар мен вебинарлар өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша «ҰАҒББО» КЕАҚ-мен бірлесіп 2025 жылға арналған тақырыптарды пысықтауды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Оқыту процесі ферма мамандарын өндірістен қол үзбей қамтуды көздейді, бұл өз кезегінде шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға оң әсер етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -