Алматыда VII Digital Almaty халықаралық форумы өз жұмысын аяқтады. Шешуші күннің басты оқиғасы инновациялар мен цифрлық технологиялар саласындағы беделді конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Асыға күткен іс-шаралардың бірі - стартаптарға Қазақстанның ірі кәсіпорындарына өз шешімдерін ұсынуға, пилоттық жобаларды іске қосуға, инвесторлардың назарын аударуға және маңызды іскерлік байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік беретін - Industrial AI Battle байқауы өтті. 200 өтінімнің ішінен финалға жасанды интеллект саласындағы үздік 15 стартап шықты. Жобаларды қазылар алқасының кәсіби мүшелері, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері, венчурлік инвесторлар, трекерлер және индустрия көшбасшылары бағалады.
Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- "Most disruptive" - epsilon3ai, жүлде - 15 000$;
- "Best scale ability" - Finflow, жүлде - 15 000$;
- "Best ROI potential" - arlan biotech, жүлде – 15 000$;
- "Best sustainability impact" - Qala AI, жүлде - 15 000$.
Оған қоса финалистер арасында серіктестерден арнайы сыйлықтар таратылды:
- 10 млн теңгеге бұлтты сервистер, 1 млн теңгеге жарнамалық кампаниялар, Yandex компаниясынан жылына 2,5 млн теңгеге дейінгі Яндекс карталарының API платформасындағы сұраныстар. Жеңімпаз - Qala AI.
- 2025 жылғы ресейлік венчурлық форумға билеттер, іскерлік бағдарламаға қосылу, питч-шоуға қатысу, Innopolis форумының бірінші күні жабық кешкі бөліміне кіру. Жеңімпаз - Horus mine.
- 1 жылдық хабтағы өкілеттік және АҚШ нарығына шығуды қолдау қызметтерін алу, Silkroad хабының барлық инфрақұрылымына қолжетімдік. Жеңімпаз - Finflow.
- Vk cloud-тан 10 млн теңгеге бұлтты сервистерге жазылу. Жеңімпаз - Chrome AI.
- Smartpoint жұмыс орындары. Жеңімпаздар - Onco Zero AI & Pleep.
- "Қазақтелекомның" сыйы - стартапты дамытуға 10 000 доллар көлемінде ақшалай сыйлық. Жеңімпаз - Pleep.
Тағы бір маңызды оқиға балалар арасындағы Робототехника чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау болды. Қазақстанның үздік төрт командасы халықаралық жарыстарда ел атынан қатысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ 2 миллион теңге көлемінде жүлде қоры тағайындалды.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматыдан келген Sana БИЛ командасы жеңімпаз атанып, 1 000 000 теңге көлемінде бас жүлдеге ие болды. Екінші орынды Алматы қаласының №208 мектебінен Point командасы иеленіп, 500 000 теңге жүлде қорын алды. Үшінші орынды және 300 000 теңге көлеміндегі жүлдені Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің PID командасы иеленген. Төртінші орынды Қарағанды қаласының "Мұрагер" мектебінен Jeltoqsun командасы алып, 200 000 теңге жүлдеге ие болды.
Чемпионатты USTEM Foundation ұйымдастырды. Оның қолдауымен қазақстандық командалар Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) жеңіске жетіп, FIRST Global Challenge үш дүркін чемпионы атанды.
Сонымен қатар, "Digital Almaty Multi-Drone Championship" (MDC) шеңберінде өткен дрон-футболдан чемпионат қорытындыланды. Турнир толықтай FIDA (халықаралық дрон-футбол федерациясы) қолдауымен өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен FIDA халықаралық турнирлеріне қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.
Жеңімпаздар:
- 1-орын - Skyzone X4Pro;
- 2-орын - Radiomaster Boxer ELRS;
- 3-орын - BetaFPV Air65 Freestyle.
VII Digital Almaty халықаралық форумы үздік мамандарды, стартапшылар мен инвесторлардың басын қосатын технологиялар әлеміндегі басты алаң ретінде тағы да мәртебесін үстем етті. Келер жылы форумда кездескенше!