«Keden» кедендік ақпараттық жүйесі: 10 ақпаннан бастап бизнеске маңызды өзгерістер

1936
Фотосурет: Gov

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде кеден саласындағы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда тізілімдерге енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізілетінін хабарлайды:

  • Кеден қоймаларының иелері
  • Еркін қоймалардың иелері
  • Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері
  • Уақытша сақтау қоймаларының иелері
  • Бажсыз сауда дүкендері
  • Кедендік өкілдер
  • Кедендік тасымалдаушылар.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаттары жасалған:

https://t.me/kedenkgdgovkz/26371 – кеден өкілдері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26372 – уақытша сақтау орындарының иелері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26374 – бажсыз сауда дүкендері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26373 – кедендік тасымалдаушылар үшін.

Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -