Астанада жол апатында адамдарды құтқарған батырды марапаттады

1430
Фотосурет: Gov

ТЖ мнистрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов жол-көлік оқиғасы нәтижесінде адамдардың өмірін құтқаруда және жанып жатқан автомобильдің өртін сөндіру кезінде көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің бас инспекторы Алтай Мырзабаевты  «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен наградталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 2 ақпанда түнде Астана қаласының Есіл ауданында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан өрт шықты. Алтай Мырзабаев отбасымен бірге өтіп бара жатып, дереу өрт сөндіргішпен зардап шеккендерге жүгіріп шықты.

«ТЖМ күштері келгенге дейін өртті сөндіріп жатқанда, жанымда тұрған куәгерге 112 нөміріне хабарласуын сұрап, кейін келгендердің барлығына өрт сөндіргіштерді әкеліңдер деп айқайладым! Содан кейін соққыдан қысылған екінші көліктен зардап шеккен екі адамды құтқаруға кірістім», - деп қаһарманымыз еске алады.

Өрт жедел сөндірілді, зардап шеккендер жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -