Астанада семсерлесуден бойынша Ашық чемпионат өтті

2145
Фотосурет: Gov

Елордада семсерлесуден Астана қаласының ашық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылған бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Жарысқа Астана, Тараз және Қарағанды қалаларынан 70-ке жуық спортшы қатысып, жекелей сын бойынша өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы чемпионатқа 2011-2012, 2013 және одан кіші жастағы жасөспірімдер қатысты. Олар семсерлесудің қылыш түрінен сайысқа түсіп, жоғары деңгейдегі шеберліктерін паш етті.

Екі күнге созылған тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша №9 БЖСМ шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл чемпионат ақпан айында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу кезеңі болып саналады. Жергілікті мамандардың айтуынша, осы додада жоғары нәтиже көрсеткен елордалық спортшылар Астана қаласының атынан ел чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -