Генерал Владимир Бондаренко – 75 жаста

1892
Фотосурет: Gov

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында отставкадағы генерал-майор Владимир Бондаренконың мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған Алматы гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, курсанттар мен сарбаздар қатысты. 

Кеш Владимир Бондаренконың өмір жолы туралы деректі фильм көрсетуден басталды. Мерейтой иесінің атына Қорғаныс министрінің, Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы мен қоғам қайраткерлерінің құттықтаулары айтылды.

Бүгінгі әскери қызметшілер мен ардагердің замандастары Владимир Петровичке ризашылықтарын білдіріп, оның әскери тәртіпті нығайтудағы және Отан қорғаушылардың жас буынын тәрбиелеудегі ерекше еңбегін атап өтті.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов генералдың бүкіл өмірі Отанға барынша қызмет етуге және әскери борышты үлгілі орындауға арналғанын атап өтті. Ол Владимир Петрович зейнетте болса да, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне белсенді қатысуын жалғастыратынын атап өтті. 

Генерал-майор Владимир Бондаренконың өмір жолы Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты. Ол Қазақстан армиясының болашақ тәрбиеші офицерлерін даярлаудың негізін қалаған әскери буынның өкілі.

Оның басшылығымен талай әскери кадрлар дайындалды, қазіргі кезде олар Отан қорғаушылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісін лайықты жалғастырып келеді.

Жауынгерлік және саяси дайындықтағы жетістіктері, қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін ол «КСРО Қарулы Күштеріндегі Отанға қызмет еткені үшін» орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. 

Салтанатты шараның соңы әскери институттың үрмелі оркестрі мен ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -