Қазақстандағы маркировка болашағы: бизнесті қандай өзгерістер күтіп тұр?

1958
Фотосурет: ismet.kz

Депутат Айтуар Қошмамбетов өнімді таңбалау жүйесімен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

3 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Республика» партиясынан сайланған депутаты іссапар барысында таңбалау кодтарын қолдану, оларды тексеру және тауарды айналымнан шығару барысымен танысты. Сонымен қатар, Tañba өкілдері өндірушіден түпкі тұтынушыға дейінгі өнімдерді қадағалау процесін көрсетті.

Кездесуде Қазақстанда өнімді таңбалау жүйесін дамытудың негізгі мәселелері, оның отандық өндірушілер мен фармацевтикалық нарыққа қатысушыларға әсері туралы айтылды.

Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың басқарушы директоры Алмат Исмаилов тауар ағынының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ететін аналитикалық платформаның жұмысын көрсетті. Аталмыш іс-шарада дәрі-дәрмектің қадағалану механизмдері, тауарды айналымнан шығару процестері, сондай-ақ, тауарлардың сатылуы күндерімен көрсетілді.

«Қазақстанда өнімді таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу нарықтық бақылауды жақсарту және контрафактты азайту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл бизнеске де, тұтынушыларға да оң әсер етіп, ашықтық пен өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тұтынушы өнімнің түпнұсқалығын Data Matrix кодын сканерлеу және оны Naqty Onim қосымшасында тексеру арқылы тексере алады» GR департаментінің директоры Адия Әлімбаева

Сапар барысында таңбалауды енгізуде құрал-жабдық құны мен өндіріс құны мәселелеріне ерекше назар аударған депутат бизнес үшін инвестициялық ауыртпалықты саралап, отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын енгізу қажеттігін атап өтті.

«Әсіресе шағын және орта бизнес үшін таңбалауды іске асыруда мүмкін болатын қиындықтарын ескеру қажет. Процестің нарық шындығына барынша бейімделуі, кәсіпкерлердің жаңа талаптарға көшу бойынша жеткілікті қолдау мен түсіндірмелер алуы маңызды. Жүйенің тиімді жұмыс істеп, бизнес қауымдастығына шамадан тыс салмақ түсірмеуін біз бақылайтын боламыз» Депутат Айтуар Қошмамбетов

Жұмыс кездесуі таңбалау жүйесін дамытудың маңызды аспектілерін және оның бизнес қауымдастығына әсерін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді. Бірыңғай оператор өкілдері алаңның технологиялық мүмкіндіктерін көрсетті, ал депутат отандық өндірушілерді реттеу мен қолдауды жетілдіру мәселелері бойынша одан әрі диалогқа дайын екенін білдірді.

Бірыңғай оператор нарықтың ашықтығын арттыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған цифрлық шешімдерді әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Үкіметтің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000095). Бүгінгі таңда темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмекке міндетті таңбалау енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035129). Келесі өнім топтары бойынша таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -