Қазақстанда «Қазақстанның Еңбек ері» деген мемлекеттік награда, ардақты атаққа ие 5 мұғалім ғана бар. Бүгін олардың үшеуі - «Ауыл» партиясы ұйымдастырған жастармен кездесудің құрметті қонағы болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР Парламенті Мәжілісінің кітапханасында Қазақстанның Еңбек Ерлері: Эльмара Траисова, Алма Шукежанова және Алина Соловьева қатысқан «Білікті ұстаз – білімді ұрпақ» атты басқосуда мәртебелі қонақтарға зор құрмет көрсетілді.
Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, партияның қызметкерлері, елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Ұстазы мықтының, ұстамы мықты» деген. Қоғамдағы қай мамандық иесі болмасын ұстаздың шәкірттері. Мектеп қабырғасындағы сапалы білім мен саналы тәрбие тек тұлғаны қалыптастырып, тұтас қоғамдық қатынастарды ізгілендіреді. Сондықтан мұғалім қандай құрметке болса да лайық.
Жиын барысында мұғалім мамандығының мәртебесі, ауылдағы білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.
«Қазақтың сыршыл ақыны Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, төр - мұғалімдікі» деген екен. Сіздер аты аңызға айналған жансыздар. Мағжан айтқан төр қашанда сіздердікі» Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Серік Егізбаев
«Сіздер біздің болашағымыз болсаңыздар, сіздердің болашақтарыңыз – сіздердің оқушыларыңыз! Ендеше, еліміздің өркендеуі үшін балалар ең алдымен мемлекеттік тілді біліп, құрметтеулері керек. Әрине, шет тілдерін білу маңызды және қажет, бірақ біз ең бастысы – туған жеріміздің ана тілін ұмытпауымыз керек» Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмара Трайсова
«Біз, ұстаздар, ең алдымен оқушыны емес, бізге сенім артқан тұлғаны тәрбиелейміз. Және бұл сенімді ақтау маңызды. Бұл бала сонда өсіп, ұстазынан асып түседі – бұл менің жетістігім» Семей қаласының №7 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Алма Шүкіжанова
«Кітаптардан қол үзбеңіз, әрқашан қасыңызда мұқият сақтаңыз және кез келген түсініксіз жағдайда қайта оқып шығыңыз. Олар сізге өмірде жақсы жол көрсетуші болады» Шымкент қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьева
Басқосу соңында елдің үздік ұстаздары педагог мамандықтар студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Жиын барысында Эльмара Траисова «Ауыл» партиясының қатарына қабылданып, оған салтанатты түрде партиялық билет табысталды. Сондай-ақ, ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.