Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы: динамика мен перспективаны талдау

2167
Фотосурет: Gov

Акциялар нарығын капиталдандыру 2024 жылы 23,0%-ға немесе 6,1 трлн теңгеге 32,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 0,8%-ға өсті), деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 84 эмитенттің 99 атауының  акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексі 33,2%-ға 5 578,10 тармаққа дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 1,0%-ға өсті). Капиталдандырудың ең үлкен өсуі «Банк ЦентрКредит» АҚ (+123,8%), «Кселл» АҚ (+75,6%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+56,7%) акциялары бойынша орын алды.

2024 жылы акциялармен сауда-саттық көлемі 298,2 млрд теңгені құрады, негізінен акциялардың қайталама нарығындағы сауда-саттықтың 17,4%-ға немесе 52,4 млрд теңгеге төмендеуі есебінен 2023 жылмен салыстырғанда 10,6%-ға немесе 35,3 млрд теңгеге азайды.

«KASE Global» секторында 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 47 атаудағы акциялар, 13 ETF және 56 шетелдік эмитенттер болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 27,5%-ға немесе 10,0 млрд теңгеге ұлғайып, (желтоқсан айында 2,0 есе өсті), 2024 жылдың қорытындысы бойынша 46,6 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2024 жылы 1,6%-ға немесе 211,5 млрд теңгеге 13,7 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылғы желтоқсанда 0,2%-ға өсті). 2024 жылы KASE ресми тізіміне 75 эмитенттің (29 жаңа эмитент) 194 шығарылымының облигациялары енгізілді, 47 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 95 шығарылымы KASE ресми тізімінен алып тасталды.

Корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2024 жылы KASE-де 2023 жылмен салыстырғанда 98,7%-ға немесе 2,2 трлн теңгеге 4,3 трлн теңгеге дейін (желтоқсан айында 14,5%-ға өсім) корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығында жалпы сомасы 3,5 трлн теңгеге 59 эмитенттің 123 шығарылымын орналастыру есебінен ұлғайды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,3 есе немесе 1,9 трлн теңгеге жоғары. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша KASE сауда тізімінде 126 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 511 шығарылымы болды.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылы 13,2%-ға 27,0 трлн теңгеге дейін өсті.

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға немесе 60,1 млрд теңгеге шамалы азайып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8,0 трлн  теңгені құрады.

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 15,5%-ға немесе 809,4 млрд теңгеге 6,0 трлн теңгеге дейін өсті. Оның ішінде 462,1 млрд теңгені 17облыс, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктері тартты. Қаржы министрлігі жылдық 10,74-13,50% орташа алынған кірістілікпен 5,6 трлн теңге тартты.

Ұжымдық инвестициялау нарығында 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 33 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.

Пайлық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылы негізінен шетел валютасын оң қайта бағалау және жекелеген инвестициялық қорлардың орналастырылған пайларынан түсетін түсімдер есебінен 22,2%-ға немесе 63,9 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 351,7 млрд теңгені құрады.  

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, трансфер-агент, сондай-ақ инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2024 жылы Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 43,2%-ға ұлғайып, 3 501 мың  шотты құрады, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің жиынтық омнибус-шоттарға ауысуына және депоненттер клиенттерінің белсенді емес шоттарының жабылуына байланысты депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 685 мың қосалқы шотқа дейін 11 мыңға немесе 1,6%-ға азайды (2024 жылғы желтоқсанда 0,5 мыңға немесе 0,1%-ға өсу);  

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 2 815 мың шотқа дейін 1 066 мыңға немесе 61,0%-ға өсті (2024 жылғы желтоқсанда 72 мыңға немесе 2,6%-ға өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2024 жылы 9,5%-ға немесе 66,5 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 769,5 млрд теңгені құрады (2024 жылғы желтоқсанда 0,1%-ға өсу). Міндеттемелер 0,4%-ға немесе 0,9 млрд теңгеге 241,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 3,5%-ға азайды). Меншікті капитал 14,2%-ға немесе 65,6 млрд теңгеге 528,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылғы желтоқсанда 1,8%-ға өсті).

2024 жылы қаржы активтері құнының өзгеруінен түсетін кірістердің ұлғаюына байланысты брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылардың жиынтық пайдасы 177,4 млрд теңгені құрады (2023 жылы – 27,9 млрд теңге).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -