Елордадағы білім ордасының әскери кафедрасына бір жыл

1980
Фотосурет: Gov

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Құралбек Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде әскери кафедраның құрылған күніне арналған шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оған Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің өкілдері, Қ. Құлажанова атындағы ҚазТБУ, Nazarbaev Universitety, Maqsut Narikbaev Universitety, Turan-Astana және Esil Universitety басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Бүгінде Қорғаныс министрлігінің басшылығы азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда резервті дайындауға ерекше назар аударады. Болашақ запастағы сержанттар мен офицерлер теориялық негіздермен қатар әскери-есептік мамандықты да меңгеру үшін қажетті практикалық дағдылар мен машықтарды үйренеді. 

Қазақ технология және бизнес университетінің президенті Ернұр Құлажанов жиналғандарға арнап сөз сөйледі. Ол әскери кафедралары бірнеше жоғары оқу орындарының студенттерін дайындап жатқанын айтты. Ол Қарулы күштердің оқу құрамасының ұжымына алдағы жоспарлардың сәтті жүзеге асырылуын тіледі. 

– Әскери кафедра – біздің университеттің мақтанышы. Олардың жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі зор. Оқу барысында студенттер әскери іс бойынша тиянақты білім алып қана қоймай, шынайы патриоттар ретінде қалыптасады, – деді ол. 

Әскери кафедраның оқытушылары мен студенттерін осы атаулы күнмен Қарулы күштердің ардагері отставкадағы генерал-лейтенант Абай Тасболатов құттықтады. 

– Бүгінде бізде запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлайтын қырықтан аса әскери кафедра жұмыс істейді. Студенттерді даярлаумен айналысатын барлық оқытушыларды білемін. Олардың бастамасымен студенттер негізгі білім алып, өз саласында мықты маман болатынына сенімдімін, – деп атап өтті ардагер.

Іс-шара барысында Қазақ технология және бизнес университетінің президенті кәсіби дайындықтағы жетістіктері мен оқудағы жетістіктері үшін үздік оқытушылар мен студенттерді грамоталармен марапаттады. 

Әскери кафедра он бес әскери-есептік мамандық бойынша әскери дайындықты жүзеге асыратынын айта кеткен жөн.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -