Қазақстан ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған тұрғынға көмек көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Ұлытау облысы Сәтбаев қ. 40 шақырым жерде қар құрсауында қалған жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне құтқарушылардың көмегі қажет болды.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел келіп, жолды қардан тазартып, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне итеріп шығарды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.