ТЖМ құтқарушылары Богданов мұздығынан зардап шеккен адамды эвакуациялады

1672
Фотосурет: Gov

3500 метр биіктікте ТЖМ адам өмірін құтқаруда

112 пультіне Іле Алатауы тауларында, Богданович мұздығының маңындағы тау үңгірінің жанында адам жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобының шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте зардап шегушіні тауып алды. Оның сол аяғы сынған. 

Оқиға орнында құтқарушылар қажетті медициналық көмек көрсетті. ТЖМ РЖҚЖ мен Алматы қ. құтқару қызметі құтқарушыларының бірлескен күш-жігерімен зардап шегушіні «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейін тасымалдады. Оған медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ АМО қызметкерлеріне берілді.

Қазақстанның ТЖМ таулы жерлерде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Туристерге ауа райы жағдайларын ескеру, керек-жарақтарды дұрыс таңдау және құтқару қызметтерін көтерілу бағыты туралы алдын ала хабардар ету ұсынылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -