Тараздан Сербияға: Қазақстанды Дүниежүзілік гимназиадада кім таныстырады?

2200
Фотосурет: KаzChess

Таразда 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында өткен рапид турнирлері Бибісара Абылайқызы мен Алтынбек Құсайынның жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жеңімпаздар 4-14 сәуір аралығында Сербияның Златибор қаласында өтетін Бүкіләлемдік гимназиаданың шахмат турнирінде (ISF U15 Gymnasiade 2025) Қазақстанның намысын қорғайды.

1972 жылы Халықаралық мектеп спорты федерациясы (International School Sport Federation) құрылды. Ал 2022 жылдың мамыр айында Франциядағы Нормандияда 19-шы рет өткен Бүкіләлемдік мектеп оқушыларының жазғы спорт ойындарында (ISF World School Summer Games) қазақстандық мектеп оқушылары дебютке шықты.

2016 жылғылардың кіші емес және 2010 жылғылардан үлкен емес жас атлеттерге арналған кезекті жарыс (ISF U15 Gymnasiade 2025) 2025 жылдың 4-14 сәуірі аралығында Сербиядағы «Златибор» туристік-рекреациялық кешенінің объектілерінде өтеді. Шахматшылар – ұлдар мен қыздар бөлек-бөлек – швейцариялық жүйе бойынша рапидтен 15+10 және блицтен 5+3, әрқайсысы 11 турдан тұратын турнирлерде медальдарды сарапқа салады.

2025 жылғы 10-12 ақпанда Таразда өткен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының (ҰҒПДТО) 25 жылдығына арналған 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы 15+10 рапидтен республикалық турнир Гимназиадаға баратын ойыншылар анықталған іріктеу турнирі болды.

Үш күн бойы 27 ұл мен 26 қыз Сербияға екі жолдаманы сарапқа салып, швейцариялық жүйе бойынша 9 тур өткізді.

Ұлдардың арасында соңғы турдың алдында 6½ ұпай жинаған Павлодар ойыншысы 12 жасар Сүлеймен Ахмет көш бастады. Тағы бір рейтинг фавориті және оның жерлесі 14 жасар Әділ Борумбаев (2030) және Маңғыстау облысының шахматшысы 13 жасар AIM Жанболат Аманқос (1887) одан жарты ұпай артта қалды. Бір қызығы, үшеуі де өз партияларында жеңіліс тапты, осы орайда Ахмет пен Борумбаев ақ фигуралармен ойнап ұтылды.

ЯкорьОларды өкшелеп қуып келе жатқан шахматшылар үштігі мәреге бірдей нәтижемен жетті – барлығы бірдей 6½ ұпай жинады. Бұл жағдайда қосымша көрсеткіштерді қарауға тура келді. Таң қаларлығы, қалай болғанда да бас жүлде Павлодарға бұйырды: қысқартылған Бухгольц коэффициентінің арқасында 13 жасар Алтынбек Құсайын (1944) 1-ші орынға шықты, Сүлеймен Ахмет, оның алматылық құрдасы Дарын Дайыров (1967) және жарыстың 11 жасар «қожайыны» Әлихан Сарман (1470) оған жете алмай қалды.

Атап өтетіні, Таразға барғанға дейін Құсайын мен Ахмет өздерінің туған қаласында өткен Ю. М. Никитин Мемориалында ойнады: Open турнирінің 9 турдан тұратын «швейцариялық» жарысында Құсайын 6½ ұпай жинап 5-ші болып, Ахмет тура сондай нәтижемен 7-ші болып мәреге жетті.

Қыздардың турнирінде рейтингі 1600-ден жоғары рейтинг фавориттерінің үштігі сәтсіздікке ұшырады. Турнир өткізген қаланың 12 жасар өкілі Бибісара Абылайқызы (1597) жеңімпаз атанды, 7½ ұпай жинаған ол 6 рет жеңіске жетіп, үш партияны тең ойынмен аяқтады. 2-ші орынға оның жерлесі, 14 жасар Аяна Наурызбай (1577) шықты – 7 ұпай, 3-ші орынды 6½ ұпай алған Маңғыстау облысының ойыншысы 11 жасар Айлин Мұхамбет (1488) иеленді.

Турнирдің жүлде қоры 1 000 000 теңге болды. Жеңімпаздар Гимназиадаға жолдамадан бөлек, 250 000 теңгеден, 2-ші орынға шыққан ойыншылар – ₸150 000, 3-ші орындарды иеленгендер ₸100 000 алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -