«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелуі болжанатын тауарларды алдын ала хабардар етуді ұсыну функционалын пайдалануға енгізеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы 17 ақпаннан бастап автомобиль өткізу пункттерінде алдын ала ақпаратты ұсыну және өңдеу «Keden» АЖ-да жүзеге асырылатын болады.
Алдын ала ақпаратты кеден органдары кедендік операцияларды жасауды жеделдету және кедендік бақылауды жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланады.
Өз кезегінде алдын ала ақпарат беру Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарлар мен көлік құралдары келген кезде кедендік операцияларды және аралас қызметтерді интеграцияланған бақылауды өту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Тауарларды автомобиль көлігімен өткізу кезінде жүйеде алдын ала ақпаратты толтыру және тіркеу тәртібі бойынша нұсқа https://keden.kgd.gov.kz порталдағы басты бетте орналастырылған.
Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушыларды қолдау қызметіне хабарласа аласыз:
+7 7172 73 55 19
+7 705 956 53 89
e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
тelegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.