Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына арналған естелік іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Оған ауған соғысының ардагерлері, Бас қолбасшылықтың әскери қызметшілері және Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың атынан генерал-майор Бауыржан Әбжанов құттықтау сөз сөйледі. Ол интернационалист жауынгерлердің ерлігін, олардың антқа адалдығын және жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап өтті.
Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Жантеміров сол оқиғаларды еске алудың маңыздылығын айтып, әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін ардагерлерге ризашылығын білдірді.
Ауған ардагерлері Анатолий Перепелица, Бауыржан Досжанов, Жанат Шалабеков, Талғат Ниязов қызмет туралы естеліктерімен бөлісті. Олар нағыз ерлік тек жауынгерлік рухпен ғана емес, бейбіт күндегі әскери борышқа адалдықпен өлшенетінін атап өтті.
Бұл күн бізге жауынгерлік жолдастарымызбен кездесуге, өткенді еске алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы - оралмағандарды ұмытпай, тарихтан сабақ алу Анатолий Перепелица
Іс-шара Ұлттық ұланның Ән және би ансамблінің концертімен аяқталды. Әртістердің орындауында сол жылдардағы оқиғаларға арналған әндер шырқалды.