Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасына сәйкес салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша мүмкіндіктері шектеулі жеке тұлғаларға жеңілдіктер туралы хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz.
№ |
Салық/жарна |
Төленеді (иә / жоқ) |
Ескерту |
1 |
ЖТС |
иә |
Ай сайын 14 АЕК және жылына 882 АЕК шегеруге құқығы бар. |
2 |
МЗЖ |
иә |
Егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, I және II топтағы мүгедектер үшін ғана МЗЖ төленбейді. |
3 |
МӘМСЖ және ӘССМА |
жоқ |
Мемлекет төлейді |
4 |
Әлеуметтік есептеулер |
иә |
Зейнеткерлік жастағы мүгедек қызметкерлер үшін ғана төленбейді |
5 |
Әлеуметтік салық |
иә |
Осылайша, мүгедек мәртебесі қызметкерді тек МӘМСЖ және ӘССМА төлеуден босатады және 882 АЕК мөлшерінде ЖТС бойынша қосымша шегерімге құқық береді. Барлық басқа салықтар мен аударымдар осындай қызметкерлердің кірістерінен жалпы негізде жүргізіледі.