Павлодардағы балабақшаларда азық-түлікпен жасалған алаяқтық ашылды

6842
Фотосурет: inbusiness.kz

Павлодар қаласының прокуратурасы қалалық балабақшалардың азық-түлік өнімдерін жоғары бағамен сатып алу фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәселен, №23 бөбекжай мемлекеттік сатып алу порталында 18 000 литр сүт 50 620 500 теңгеге, яғни литрі 2 812 теңгеден сатып алу туралы хабарландыру жарияланған.

Айта кету керек, осыған ұқсас сүттің орташа бағасы (майлылығы – 2,5%)  литрі 345 теңгені құрайды.

№23 бөбекжай-бақшаның литрі 2 812 теңгеге сүт сатып алуы 44 410 500 теңге көлемінде бюджет қаржысын артық және негізсіз жұмсауға себеп болып отыр.

Басқа жағдайда, №102 бөбекжай жалпы сомасы 19 455 783,6 теңгеге немесе 1340 теңге/кг-ға салмағы 14 520 кг картоп сатып алмақ болған.

Ал қала дүкендерінде картоп 120 теңге/кг (әлеуметтік баға) және жеке меншік дүкендерде 380 теңге/кг бағаға сатылады.

Жоғарыда баяндалған өнімдерді сатып алуға тыйым салынды, азық-түлікті сатып алу бағасы төмендетілді, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -