Бүгін, 2025 ж. 17 ақпанында ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің Көмір өнеркәсібі басқармасы көмір өндіруші кәсіпорындардың 2024 жылғы жұмысын қорытындылады және 2025 жылға арналған жоспарларды қарады.
Тыңдауға 29 компания қатысты.
2024 жылдың қорытындысы бойынша 112,6 млн тонна көмір өндірілді, нақты көлем индексі 102,9% құрады. Алайда жекелеген кәсіпорындар тау-кен жұмыстары жоспарындағы ауытқуларға, экспорттың қысқаруына және басқа да факторларға байланысты өндіру көлемін төмендетті. Соның ішінде «Kazakhmys Coal» ЖШС – 16,3%, «Майкубен-Вест» АҚ – 28,8% және т.б.
Министрлік ҚТЖ және кәсіпорындармен бірлесіп нысаналы көрсеткіштерді орындау бойынша шаралар қабылдануда. Ішкі нарықтың көмір қажеттілігі 7,9 млн тонна болса, қазірдің өзінде 7,53 млн тонна жеткізілді, бұл жоспардың 95,7%-ы болды. Ал көмір тұйықтарындағы қорлар 476 мың тонна құрайды.
Жылыту маусымының тұрақты өтуі бойынша жұмыс жалғасуда.