Контрольно-кассалық машинаны салық органында есептен шығару: не білу қажет?

3058
Фотосурет: Patrick Daxenbichler/CP

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау–касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда жүргізілетінін хабарлайды, деп хабарлайды DKnews.kz:

  1. сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;
  2. бақылау–касса машинасын техникалық ақауы болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;
  3. бақылау–касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;
  4. бақылау–касса машинасының техникалық ақауы жоқ моделі бақылау–касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;
  5. ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау–касса машинасы ұрланған, жоғалған;
  6. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -