Қазақстандық әскери делегация Араб әмірліктеріндегі қорғаныс технологияларының заманауи үлгілерін зерделеді

2607
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Абу-Дабиге ресми сапары аясында IDEX және NAVDEX-2025 халықаралық қорғаныс технологиялары көрмесінің жұмысымен танысып, зерделеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

ADNEC көрме орталығында Қазақстан қорғаныс ведомствосының делегациясы қару-жарақ, әскери техника үлгілерін және қорғаныс мақсатындағы технологиялар ұсынған ірі әскери-өнеркәсіптік компаниялардың павильондарын аралады. 

Көрме алаңында Руслан Жақсылықов БАӘ вице-премьері және қорғаныс министрі шейх Хамдан ибн Мұхаммед Әл Мактуммен кездесті. Тараптар екіжақты өзара іс-әрекет бағыттарын талқылап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бейілділігін растады.

Одан бөлек Қазақстанның Қорғаныс министрі қорғаныс өнімдерінің жетекші өндірушілерінің басшыларымен келіссөздер жүргізді. 

Айта кетсек, IDEX және NAVDEX 2025 қорғаныс технологияларының ең ірі халықаралық көрмесі БАӘ Президентінің қолдауымен өтуде. Биыл оған 65 елден 1500-ден аса компания қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -