Президенттің «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Ұлытау облысы бойынга экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қаржылық қауіпсіздік: алаяқтардың тұзағына түспеу үшін не істеу керек?» тақырыбында подкаст ұйымдастырды.
Журналист Сейтбеков Дәулетке берген сұхбатында Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-текеру департаменті басшысының орынбасары Қалиақпаров М.К. қаржылық пирамидалармен күресудің негізгі шаралары туралы айтып берді.
Департамент қаржылық пирамидалармен күресте кешенді тәсілді қолданады, интернет-мониторингтің заманауи құралдарын белсенді пайдаланады.
«Біз интернет кеңістігін мұқият бақылап, алаяқтық белгілері бар сайттар мен аккаунттарды жылдам анықтаймыз», - деді Қалиақпаров.
Мұндай ресурстар анықталған жағдайда департамент сілтемелерді бұғаттау және күмәнді аккаунттарды жабу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды. Сондай-ақ, жұмыстың маңызды бөлігі – қаржылық пирамидалардың ұйымдастырушыларын анықтауға бағытталған тергеу, бұл көбінесе қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Қаржы институттарымен ынтымақтастық департамент жұмысының басты элементі болып табылады. Бұл өзара әрекеттесу бізге туындаған қауіп-қатерлерге жылдам әрекет етуге, күмәнді ресурстарды бұғаттауға және қажетті тергеулер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл азаматтардың алаяқтардан қорғалуын едәуір күшейтеді.
Азаматтарға қаржылық пирамидаларға түсіп қалмау үшін көмектесетін шаралар ретінде бірнеше қарапайым қадамдар ұсынылады. Инвестиция жасамас бұрын, компанияны ресми көздер арқылы мұқият тексеру маңызды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әзірлеген қолжетімді құралдарды пайдалану керек, мысалы, «АФМ-Insider» телеграм-боты, «Baiqa, piramida!» алаяқтыққа тексеру жүргізуге мүмкіндік береді. Арнайы QR-кодтарды пайдалану чат-ботқа ыңғайлы кіру үшін, сондай-ақ қоғамдық орындарда орналастырылатын ақпараттық бейнемазмұнға назар аудару қажет. Сондай-ақ, қысқа мерзімде жоғары табыс уәде еткен кезде сақтық танытқан жөн – тез пайда алу туралы уәделер күмән туғызуы керек.
Департамент мәліметтері бойынша өткен жылы MetaGo қаржылық пирамидасына қатысты тергеу аяқталды, оның нәтижесінде 102 салымшы зардап шекті, ал шығын 68 миллион теңгеден асты. Қазіргі уақытта тағы екі істің тергеуі жалғасуда және зардап шеккендердің саны артуы мүмкін. Жалпы, республикада 2024 жылы 28 қаржылық пирамида жойылды, 12 мыңнан астам алаяқтық сайт сілтемелері бұғатталды, ал 35 адам мұндай схемаларға қатысқаны үшін сотталды.
«Қаржылық пирамидаларды жою жұмысы жалғасуда және біз өңірде қауіпсіздік шараларын күшейтудеміз», - деп атап өтті Қалиақпаров.
Халықты қаржылық пирамидалармен байланысты тәуекелдер туралы ақпараттандыру үшін департамент ақпараттық-насихаттау шараларын белсенді түрде жүргізеді. 2024 жылы департамент 40 шара өткізді, оған шамамен 5600 адам қатысты.
«Біз қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған тренингтер, дәрістер және ақпараттық науқандар өткіземіз», - деп қосымша айтты Қалиақпаров.
Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары жаңа алаяқтық схемаларына, мысалы, «дроперлік схемаларға» назар аударды. Бұл схемалар бойынша алаяқтар азаматтарға заңсыз қаржылық операцияларды жүргізу үшін өздерінің банк карталарын ұсынуды ұсынады. Мұндай схемаларға қатысу ауыр зардаптарға, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Журналистің лудоманиямен күресу шаралары туралы сұрағына жауап бере отырып, Қалиақпаров Қазақстанда 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесімен және лудоманиямен күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданғанын еске салды. Бұл жоспар құмар ойындарға тәуелділікті алдын алуға және патологиялық тәуелділікке ұшыраған адамдар үшін реабилитацияға қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Соңында департамент басшысының орынбасары азаматтарды күнделікті өмірде «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстануға шақырды, заңды сақтау қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті. Ол қажетті көмек алу үшін кәсіби мамандармен кеңесуді немесе құқық қорғау органдарына жүгінуді ұсынды.