Қар құрсауынан 18 бала мен 80 ересек адам құтқарылды

1210
Фотосурет: Gov

Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді.

Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген  жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.

Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -