Күтпеген дуэт «Шымкент-Алматы» пойызы жолаушыларын таңғалдырды

1397
Фотосурет: «ҚТЖ» ҰК» АҚ

Пойыз жолсерігі мен жас өнерпаздар «Адай» күйін орындады, деп хабарлайды DKnews.kz.

№25/26 «Шымкент-Алматы» пойызының жолаушылары ерекше музыкалық сәттің куәсі болды. Пойыз жолсерігі домбыраны қолға алып, «Қарақат» студиясының тәрбиеленушілерімен бірге аңызға айналған «Адай» күйін орындады.

Музыкалық өнерге жақын жас жолаушылардың қатарында «Қарақат» студиясының талантты шәкірттері болды. Олар Алматыда өтетін беделді «JorgaFest» байқауына қатысуға жол тартқан еді. Бұл фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік орындаушыларды біріктіретін маңызды шара.

Жолсерік бала кезінен домбырамен күй шертіп, бұл өнерді өз әулетіндегі үлкендерден үйренген. Домбыра – оның жанына жақын, ата-бабадан мирас болған қастерлі мұра. Ұлттық өнерге қызығушылық танытқан жас жолаушылардың күй орындау шеберлігін көріп, музыка дәстүрінің жалғасып жатқанына ол ерекше қуанғанын жеткізді.

Теміржол – тек жолаушыларды діттеген жеріне жеткізетін көлік қана емес, сонымен қатар танысып, демалып, еркін әңгіме құруға мүмкіндік беретін ерекше орта.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -